Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Өңірдің әлеуеті туралы әңгімелесті

Мемлекет басшысы Қостанай облысының биылғы төрт айдағы даму қорытындылары мен Президент тапсырмаларының орындалуы туралы баяндаманы тыңдады. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше назар аударылды.

            Арихмед Мұхамбетов өңірде өңдеу өнеркәсібінде машина жасауды дамыту, құрылыс жұмысының негізгі капиталына инвестициялар салу және тұрғын үйді пайдалануға беру айтарлықтай өскені туралы баяндады.

            Қостанайда Индустриалды аймақ аумағында жаңа шойын құю зауытының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Өндіріс құны шамамен 80 млрд теңге. Қуаттылығы — жылына 40 мың тонна құйма. Өнеркәсіптік жоба ресейлік «КамАЗ» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Шойын құю зауыты 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашады. Зауыттың өндірістік қуаты жылына шамамен 65 мың бірлік өнімді құрайды.

Құрылыстың бірінші кезеңін 2021 жылдың қазан айында, екінші және үшінші кезеңдерін 2023 жылы аяқтау жоспарланған. Жобаның құны 80 млрд теңгені құрайды. 300 жаңа жұмыс орны құрылады. Жобалық қуатына қол жеткізген соң өндірісте К5 жаңа буынның жүк көліктеріне арналған жетек картерлері, цилиндр блоктары мен қозғалтқыш цилиндрі блоктарының бастиектері шығарылып, жалпы көлемі жылына 40 мың тоннадан астам шойын құймасын құрайтын болады. Жобаны іске асыру Қазақстанды «КАМАЗ» ЖАҚ жеткізушілерінің жаһандық технологиялық тізбегіне енгізеді — өнімнің 95%-ы экспортталатын болады.

            Сондай-ақ, Қостанай облысында салынып жатқан еліміздегі алғашқы оқшаулау орталығы туралы айтып берді. «Оқшаулау орталығының» құрылысы, сайып келгенде, барлығына жағымды әсер береді: клиенттерге де (өнімнің өзіндік құнын және техниканың жоғары сапасын төмендете отырып), сондай-ақ қолайлы еңбек ету үшін барлық жағдай жасалған кәсіпорын қызметкерлерінің өздеріне де. Ең бастысы, уақыт өте келе жоба елге импорттан барынша алыстауға көмектеседі.

36 мың шаршы метр аумақта металды лазермен кесуге, майыстыруға, сырлауға және дәнекерлеуге, пластик бұйымдарын, интерьер бөлшектерін, термошуоқшаулағышты өндіруге, конвейерлік құрастыруға және т.б. арналған автоматтандырылған желілер орнатылған. Бұл жабдықтар «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржы құралдары арқылы сатып алынды. Жақында оқшаулау орталығында ауыл шаруашылығы техникасына арналған компоненттердің 1200-ден астам атауы, сондай-ақ «Кировец», «Essil», «Lovol», «Pottinger», «Deutz-Fahr», JAC, Chevrolet және т. б. автомобиль өнеркәсібі брендтері шығарылатын болады.

            Бұдан басқа, 2 трлн теңгеден астам сомаға 80 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

            Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов Lada және Renault сияқты автомобиль маркаларының жаңа желісінің іске қосылғаны туралы айтты. Жыл басынан бері Қостанай облысында барлығы 16 459 автомобиль өндірілді, оның ішінде: 15 599 жеңіл, 736 жүк автомобильдері және 124 автобус. Жыл соңына дейін 60 мың автокөлік жинау жоспарланған.

            Қостанай облысы әкімінің айтуынша, бүгінде 2 883,0 мың га дәнді дақылдар (74%) және 501,0 мың га (77%) майлы дақылдар егілді. Егіс науқаны ағымдағы жылдың 1 маусымына қарай аяқталады.

            Өңір басшысы халықты сумен қаматамасыз ету қызметтеріне қолжетімділігі туралы баяндады. Биыл таза суға 130 ауыл қосылады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы жалпы қолданыстағы ұзындығы 9 289,8 шақырым жолды жөндеуге 22,5 млрд теңге бөлінді. Биылғы жылы қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 77,0% — ды құрайды.

            Мемлекет басшысына облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы да хабарланды. Барлығы 1 111 төсек орын дайын. Медициналық жабдықпен қамтамасыз етілу қойылатын талаптарға сәйкес келеді, дәрілік заттардың жеткілікті қоры қалыптастырылған. 2 айға жететін дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдары бар. Сондай-ақ, 505 мың азаматты вакцинациялау жоспарлануда, бүгінгі таңда 80 мыңнан астам адам вакцинаны алды. Сондай-ақ, «Ashyq» мобильді қосымшасы қарқынды енгізілуде. Бүгінгі күні кәсіпкерлерден 270 өтінім қабылданды.

            Биылғы жылы еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін (ФБШ) енгізу басталды. Облыс 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап өз қаражаты есебінен еңбекке ақы төлеудің факторлық-балдық шкаласын енгізуге дайын.