Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Құрылыс қарқын алды

Архимед Мұхамбетов жұмыс сапары аясында Рудный қаласына барды. Өңір басшысы қаланың желі ішілік, магистральдық жылу желілері мен жылу сорғы станцияларын қайта жаңарту барысын тексерді. Жылу желілерін қайта құруға 4, 289 млрд теңге бөлінді.

Кейін №18 жалпы білім беретін мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын қарап шықты. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталды, жөндеу жұмыстарының құны 714,1 млн. теңгені құрайды.

Бұдан кейін облыс әкімі Восточная көшесіндегі тұрғын үйлердің құрылысын көрді. Рудный қаласында 8 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған.

Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов «AYATFITNESSPREMIUM» спорт кешенінің ашылуына қатысты.

Спорт кешенінде фитнес жаттығу залы, жекпе-жек залы, массаж кабинеті, сұлулық салоны, сауна, минимаркет, кафе бар. Құрылыстың жалпы құны жеке инвестициялар есебінен 700 млн. теңгені құрады.

Сапар қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов қала әкімі Қуандық Испергеновке қаланы одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.