Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жасампаздыққа толы жылдар

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандардың әкімдерімен селекторлық кеңес өткізді. Оның барысында Қостанай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың кейбір мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында «сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан оған қарсы күрес жалпыұлттық міндет болып табылады»деп атап көрсетті. Қазіргі уақытта тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, Мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды нығайту, бизнеске қамқорлық жасау және қоғамдық бақылауды күшейту бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілуде.

Бұдан кейін «Қостанай облысында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің» Жасампаздыққа толы жылдар»тұжырымдамасын іске асыру қаралды. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы барша қазақстандықтар үшін айтулы күндердің бірі. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу бойынша біздің облыста іс-шаралар жоспары бекітілді. Ол 12 бағыт бойынша 206 тармақтан тұрады. Жыл басынан бері облыс бойынша 3 415 іс-шара жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру барысы қаралды. Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына облыс бойынша коммуналдық меншіктің 36 объектісі кірді. Кешенді жоспардың барлық объектілері бойынша Жол карталары бекітіліп, Мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізілді, сондай-ақ объектілерді өткізудің ай сайынғы кестесі әзірленді.

Сондай-ақ, өңір басшысы ағымдағы жылы мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қаупі бар маусым облыста 12 сәуір деп жарияланғанын атап өтті. Осы жылы жылдың осы уақытында ауа температурасы қалыпты емес (36 градусқа дейін). Облыс әкімі халықты орманға барудан аулақ болуға, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға, табиғатты сақтауға және экономикаға зиян келтірмеуге шақырды.

Кеңес қорытындысы бойынша қалалар мен аудандардың әкімдеріне жекешелендіру қарқынын жеделдетіп, Жол карталары мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында іс-шаралардың сапалы әрі мазмұнды өткізілуін ұйымдастыруды тапсырды.