Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«1000 отбасылық ферма» бағдарламасы басталды

Оның бастамашысы Қазақстандағы ірі агрохолдинг «Олжа Агро» ЖШС. Бағдарламаның мақсаты – ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту.

Қазіргі уақытта «1000 отбасылық ферма» бағдарламасы Меңдіқара ауданында пилоттық режимде іске асырыла бастады. Жобаның алғашқы қатысушылары Молодежное ауылынан 7 отбасы болды, оларға «Олжа Агро» ЖШС Агрохолдингі 100 стелалық сиыр (құнажын) бөліді.

«Олжа Боровское» ЖШС директорының орынбасары Сергей Штома әзірге ірі қара малы тек сенімді және тәжірибелі фермерлерге берілетінін атап өтті.

– Бағдарлама қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар – бұл малдың сақталуы, адал жұмыс істеуге дайын болу, азықтандырудың рационын сақтау, «Олжа Агро» ЖШС-де тұрақты оқу, бұқаларды жеткізу міндеттемесі, ауылдағы өмірді жақсартуға деген ұмтылысы, — деді Сергей Штома.

Айтпақшы, үміткердің осы бағдарламада фермер болу мүмкіндігін едәуір арттыратын өлшемдер де бар. Мысалы, кандидатта 3,6 млн теңге қаражаттың болуы, мал шаруашылығы саласындағы жұмыс тәжірибесі, соттылығының және банктер мен салық органдары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы маңызды.

«Олжа Агро» ЖШС бағдарламаға қатысушыларды тек ірі қараның аналық басымен ғана емес, азықпен қамтамасыз етеді, ветеринариялық сүйемелдейді, жазғы кезеңде жайылымдарға қол жетімділікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ бизнес жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникасын ұсынады.

Бағдарлама келесідей жұмыс істейді: фермер ірі қараның аналық басын алады, одан әрі тиісті төлдеуді қамтамасыз етеді, содан кейін кондициялық бұқаларды «Олжа Агро» ЖШС-не береді.

Мысалы, егер 100 сиырдан төл саны 90 бұзауды құраса, оның 45-ін фермер пайда ретінде өзіне қалдырады, ал 45-ін «Олжа Агро» ЖШС-не береді. Сондай-ақ, агрохолдингке отбасылық фермалардан өнім сатып алуға кепілдік беріледі. Фермердің 7 жыл ішіндегі табысы орташа есеппен айына 350 мың теңгеден кем болмауға тиіс. «Олжа Агро» ЖШС-мен есеп айырысқаннан кейін ауылдық кәсіпкердің пайдасы айына орта есеппен 1,5 млн теңгені құрайтын болады.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығының осындай үлгісі батыс елдерінде жұмыс істейді. Мысалы, АҚШ-та 600 мыңнан астам отбасылық ферма бар, бұл Американың біріктірілген шаруашылықтарының 90% — дан астамы.

Осындай ауқымды жобаға «Олжа Агро» ЖШС шамамен 145 млн АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда Агрохолдингтің жайылымдық алқаптарының ауданы 180 мың га құрайды, ірі қара мал басының жалпы саны 15 мыңнан астам, ал техника саны – 3500 бірлік.