Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 621, 54-81-20, 54-08-30 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ыбырай Алтынсарин патриот педагог

Ы. Алтынсарин ұлт мүддесі мен ұлт мұраты үшін бар өмірін сарп еткен ағартушы. Оны біздер Ұстаздың шығармашылық еңбектерінен, жазған хаттарынан, ағартушылық істерінен айқын көреміз.

Ы.Алтынсарин алғашқы хаттарының бірінде 1862 жылы 26 қаңтардағы Орынбор бекінісінен Н.И. Ильминскийге жазған хатында: «…Құдай маған көмек етсе және дәрменім жетсе, мен азды-көпті қазақ халқына ғана пайдалы бола аламын» – деп өмірлік кредосын айтады. Сонда Ы.Алтын­сариннің 20 жастан асар-аспас кезі. Осы хаттың ортасында Ұлы ұстаз:…» қазақ даласын үш жылдай аралаған Н.И. Ильминскидің «…Қазақ халқы ұғымтал, ақылды, дарынды…» деп айтқанына қосылып мақтанышпен жазады.

Сөйтіп Ы.Алтынсарин қазақ халқын мақтан етеді, талапты ұлт деп біледі, мол үміт артып келешегіне сенеді. Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясына» жазған сөз басында халқымызға төмендегідей сипаттама береді.

«қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайды, оның ой-пікірі еркін…әлі азғындық жолға түспеген, пайдалы нәрсенің бәріне құмар»–дей келе «…халқымызға шамамыз келгенше қызмет ету әрқайсымыздың да борышымыз» – деуі халқына деген сүйіспеншілігі халқының болашағына сену, сол үшін аянбай еңбек етуге ант беруін көреміз. Ол өзінің ар алдында берген антынан айныған емес.

Ұлы Ұстаз, ұлтының мүддесі үшін саяси салағада салмақ сала білген ұлт жанды азамат екенін келесі хатта көреміз.

Ол 1880 жылы 4 сәуірінде Торғай қаласынан В.Катаринскиге арнаған хатында газетке жазған өз мақаласы жайында былай дейді: «Қазақ еліне орыс селендерін әкеліп орнатпақ болған пікірлерге қарсы екенімді білдірдім. Сондықтан қолайсыздау істеп отырғанымды біле тұсам да, өзімнің оған қарсы екенімді білдіруге бел байладым» -деуіелінің қорғаны, халқының қалқаны болып сол кездегі үкіметтің отарлау саясатына батыл қарсылық көрсетеді. Немесе 1889 жыл 20ақпандағы Орск қаласынан Катаринскиге жазған хатында: «Біздің Бессонов Александр Гриорьевич 3-ші және 4-ші кластардағы оқушылардың қарсы болуына қармастан бір ай бойы інжіл мен оның парыздарын уағыздай бастапты. Міне мұндай епсіз, жарым есті басшылық салдарынан жойылып кетуі мүмкін. Қатты айтып отырғаныма кешірім етіңіз, қайтейін ішім күйеді»– деп айтуы өзінің оқу саласындағы саясаттың қасақана, өрескел жолмен жүргізіліп отырған епсіз, жарым есті әрекеттеріне өзінің түбегейлі қарсы екенің ашықта, тіке айтуы Ұстаздын батырлығын, мінезділігін айқындайды.

Немесе Ы.Алтынасарин 1884 жылдың 14 қыркүйегіндегі Орынбор қаласынан Н..Ильминскиге жазған та бір хатында «Құдай басыма не салса да, мен күшімнің жеткенінше туған еліме адал адам болайын деген ойымнан, талбымнан еш уақытта да қайтпаймын мүмкіндігі болған жерде қазақ халқының елдігін бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан жауыздыққа қарсы күресе беру керек» дейді . Міне елге жанашу деген осы болар. Осы жылдың 30-шы қыркүйікіндегі Орынбордан жазған хатында: «Қазақ тілінде біржалпы білім беретін кітап құрасырып, туған еліме тағы бір қызмет көрсеткелі отырмын» деп зорқуанышпен айтады. Қайратты, қайсар, елшіл, ұлты үшін жанкештілікпен, өмірінің сонына дейін күресуді мақсат еткен Ы.Алтысаринның өңегелі істері біздерге үлгі болмақ. Бұл бүгінгі Рухани жаңғыруымыздағы «Туған жер» бағдарламасымен үндесіп жатқан жоқпа?!

 Ұлы ұстаз 1889 жылдың 6 наурыздағы В.Катаринскиге жазған хатында «Жақында Орскіге Карл Андреевич (мектеп инспекторы Ж.К) болып кеткен екен, қазақ оқушыларына тым қатты қарамаса еді деп қорқып отырмын. Олардың бәрі де өте дұрыс бағыттағы оқушыларіштерінде өте дарынды, өте зейінділрі де аз емес. Оларды құдай үшін, қорғай көріңіз»[6] деуі қазақтың келешегі, үмітеткен жастарға деген қамқорлығы қандайдесеңізші! Енді бірдеңе қосудың өзі артық.

Ы.Алтысарин педагогикасының өзегі адамгершілік, имандылық, иман жүзділік. Оны біз Ы.Алтынсаринның 1864 жылғы 16-шы наурызда Орынбор бекінсінен Н. Ильминскиге жазған хатында көреміз. Онда Ұстаз оқушылар кейін «… парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан әсер етуге де бар күшімді салып отырмын»-деп хатын жалғастырып «Менің үнемі ұмтылған тілегім қалайда пайдалы адам болып шығу еді. Ал осыған қолым жетіп отырғанын ойласам, көңілім толық жұбаныш табады»– дейді. Ұлы Ұстаз ұлтына қызмет істеуге қолы жетіп, мүмкіншілік туға­нына өте қуанышта болғанын байқаймыз. Міне осы адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу арқылы оқушылар бойынан көргісі келеді. Қарап отырсақ Ы.Алтысаринның балаларға арналған 60-астам әңгімелері бар екен. [8] Солардың кейбір тек аттарын атайықшы, мысалы: «Әдеп», «Қанағат», «Әділ­дік», «Зеректік», «Жомарт», «Мейрімді бала», «Жамандыққа –жақсылық». Міне Ұстаз оқушыларының бойынан осындай қасиетті құндылықтарды көргісі келеді. Немесе келесі әңгімелер атауы: «Талпыну пайдасы», «Малды пайдаға жарату», «Білгеннің пайдасы». Бұл әңгімелердің атаулары нені білдіріп тұр? Тиімділікті, ұтымдылықты, нарықтық қатынастағы бәсекелестікті көрсетіп тұр. Біздер бүгін пайда табу, бәсекелестік заманында өмір сүрудеміз. Жеке адам болып қана қоймай, тұтас ұлт болып, ел болып бәсекеге түсудеміз. Сондағана ұтамыз, мемлекет болып алға жылжимыз. Тағы да Ұстаз әңгіме­лерінің топтамасын көресетейік: «Жаман жолдас», «Ақымақ дос», «Тәкаппарлық», «Үш ұры», «Дүние­де жамандық неден?» Міне оқушылар қандай үлгіні бойларына өнеге қылып дарыту керек, қан­дайынан аулақ болулары қажет екендігі көрсетілген. Ал Ы.Алтысаринның осы талаптары, ойлары ескірді деп айта аламыз ба? Әрине жоқ! Бәрі бүгінде ауадай қажет.

Ы.Алтысарин өз заманына сай оқу үрдісін бір жүйеге қалыптастырды. Ел тарихында бол­маған алғашқы оқулықтарды, оқу құралдары, әдістемеліктерді жазып оқыту бағдарламасын, сабақ беру жоспарларын жасады. Ең алғашқы арнайы мектептерді салды. Оған дейін уақытша үй жалдап оқытатын еді. Ы.Алтысарин арнайы салған мектептерде жеке сыныптар бөлмесі, асхана, кітапхана, аурухана, зертханалар, шеберханалары болды. Ол мектептерде химия, физика, астрономия пәндері оқытылды. Сүйтіп сол заманның өзінде жартылай болсада зайырлы мемлекетке сай оқыту жүйесін қалыптастырды. Дің сабағынанда қол үзген емес. Ғасырлар бойы көзіміз үйренген сынып бөлмелері, ондағы тақта, бор, көрнекілер, карталар, глобус, сынып журналы, табель, аттестат, марапттау қағаз­дары, қоңырау, сынып тазалығын сақтау, оқушылардың өз бастарының тазалығы (гигиена) талаптарын алғашқы еңгізгенде Ы. Алтынсарин болатын. Педагогика пәнінде «ыңта» деген сөз бар, оны Мотивация деп жатамыз, оның тұрлеріде көп. Ал Ы.Алтысаринның өмірі мен шығармашылық­тарына терең үңіліп санаға сіңірсек меніңше бірғана ынта-мотивация бар. Ол тұған еліне пайдалы болу, елінің патриоты болу, халқын сүйу, Міне Мотивация! Біздер осындай ынтаны , қасиеттерді жастар бойына сіңіре білсек Ы.Алтысарин өсиетін орындаған болар едік.

Ы.Алтынсарин 40 жастың ішінде өмірден озса да, кем дегенде бір өзі 40 адамның халқына деген қызметін арқалап, іс жүзінде абыроймен атқарып кеткен ұлы тұлға. Ы.Алтынсарин отансүйгіш­тіктің, ұлтын қалай қадірлейтіндігін сөз жүзінде де, әсіресе іс жүзінде де өмір бойы өнегелі үлгісін көрсетіп кеткен нағыз патриот,сондықтан Ұла Ұстаз халқымен бірге жасай бермек.

Жақында ғана Қазақ елінің Тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай Ұлы Ұстаздың тұғанына 180 жыл толуына қарсы «Ы.Алтынсарин және ағартушылық тағылымы; тарихи өзегі, танымдық өрісі, заманауи өрнегі» атты халықаралық ғылыми-тәржіибелік конференцияда айтылған бірер ұсыныстарымды оқырмандармен бөліскенді жөн көрдім. 

Біріншіден. Осы оқу жылынан бастап бір уақытта еліміздегі барлық (меңшігіне және оқыту тілдеріне қарамастан) мектеп табалдырығын алғаш аттағандардың басты сабағы «Кел, балалар, оқылық!» атты сынып сағатында Ы. Алтынсаринның өмірбаяны мен шығармашылығы жайын­да айтылуы керек. Ал бұл сабақ биыл Ұлы Ұстаздың туған күні – 20-ші қазанда өткізіліп, келесі оқу жылында 1-ші қыркүиеке ауыстырылып жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрсын.

Екіншіден. Еліміздегі барлық мектептеріндегі бесінші-жетінші сынып оқушыларын Ы. Алтыса­ринның өмірі мен еңбегі жайлы –диктант, сегіз-тоғызыншы оқитындарға мазмұндама. Он-он бірінші сыныптағыларға-шығармажаздырса Ұлы ұстазға деген тағзым осы емеспе?

Үшіншіден. Бұл дүниеде барлық нәрсенің өлшемі адам. Сол себептен Ұлы ғұла­малардың бірінші кезекте адамның тұлға болып қалыптасуына көп мән бергендері белгілі. Кешегі Ұлы Хакім Абайда «Адам бол!» қағидасын алға тартқан. Сондықтан әлем танып мойындаған қара сөздерін үңіліп оқуда. Ал адамды адам қылатын, адамнан тұлға қалыптастыратын ол – тәрбие. Соңғы 30 жылдың ішінде біз Қазақстанның Тәуелсіз жаңа дәуірінде өмір сүріп келеміз. Қоғам өзгеруде, адам өзгеруде енді сол қоғам сұранысына сай алғашқы тәрбиешілерсъезін өткізіп, мемлекеттікбағдарлама жасап тұжырымдамақабылдаса дұрыс болар еді.

Төртіншіден. Ы.Алтынсарин бүгінде әлемдік тұлға ретінде танылып отыр. Сондықтан, Ұлы Ұстаздың келесі мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтсе дұрыс болар еді.

Бесіншіден. Келесі жылы біздің университетімізге 30 және А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толады. Өкініштісі университетіміз әлі А.Байтұрсынов болып тұр. Енді А.Байтұрсынұлы атындағы жоғарғы оқу орны болып аталатын уақыт келді.

Қалқаман Жақып, филосия ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры.