Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа жинақ жарық көрді

Тәуелсіздік тойы қарсаңында, Ы.Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «Асыл мұра – аманат» кітап-альбомы жарық көрді.

Жинақта мұражай ғимаратының салынуынан бастап, экспонаттардың жиналуы және Ыбырайға қатысты көне құжаттардың анықтамасымен берілген.

Сонымен қатар, мекеменің қазіргі көрінісі, экспозициялық залдардың суреті енгізілген. «Музейіміз – ел тәуелсіздігінің төл құрдасы. Әрі биыл ұлы ағартушының туғанына 180 жыл толып отыр. Осы мерейтойларды ұштастырып, ерекше дүние жасағымыз келді. Кітап-альбом 200 дана болып шықты. 160 беттен тұрады. Ішіне 300-ден артық фотосурет салынды», — дейді музей директоры Марғұлан Оспанов.

Басты ерекшелігі – бірінші бетіндегі QR-код арқылы кітаптың электронды нұсқасымен танысып, жүктеп алуға болады.Жалпы, отыз жыл ішінде аталған мұражайда көптеген өзгерістер болды. Алғашқы кездері музей қорына ағартушының кітаптары мен фотосуреттері, қолданған заттары ғана жинақталған еді, қазір экспонат саны 13 мыңға жуық. 2012 жылы бюджеттен 150 млн теңге жұмсалып, музейге күрделі жөндеу жүргізілді.