Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Сарбаздар саны артпақ

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөліміне барды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл ғимарат 1979 жылы пайдалануға берілген. 3 қабатты ғимараттың жалпы ауданы 1674,70 ш. м. құрайды. 1-қабатта сарбаздар асханасы, 2 және 3-қабаттарда жедел мақсаттағы батальонның жеке құрамын орналасқан.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде жедел мақсаттағы батальоннан екі роталық құрамнан үш роталық құрамға қайта құру жолымен 6697 әскери бөлімінің санын ұлғайта отырып, жедел полк құру жоспарлануда.

Осыған байланысты әскери қызметшілер штатын ұлғайту, сондай-ақ әскери бөлім ғимаратын кеңейту және қажетті техникамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.