Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жасақ жұмысымен танысты

Қостанай облысы ПД бастығы Болат Омарбеков гарнизондық тарату іс-шарасын өткізді. Ведомство басшысы патрульдік қызметтің жеке құрамы мен әскери қызметшілерді заңдылықты сақтауға және азаматтармен тығыз ынтымақтастық орнатуға аударды.

Бұның полиция жұмысының сервистік моделін іске асырудағы басты басымдықтар екенін алға тартты.

— Қазіргі уақытта өңірде «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Негізгі міндеттер – көшелер мен қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу және өңірдегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деп атап өтті полиция полковнигі жеке құрамға арнаған сөзінде.

Сондай-ақ, полицияның техникалық күштері мен автокөліктері таныстырылды.Ақпан айының соңында облыс орталығы мен Рудный қаласындағы жол қауіпсіздігін « Ekin Patrol G2 «6 мобильді жүйесі қамтамасыз ететін болады. Патрульдік автокөлікке орнатылған жабдық жылдамдық режимінің бұзылуын, ЖҚЕ басқа да бұзушылықтарын анықтауға, сондай-ақ көлік құралдарын іздестіру бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Мобильді жүйелер тестілік режимдегі жұмыс нәтижелерін көрсетті. Бір тәулік ішінде арнайы жабдықталған патрульдік машиналар жол қозғалысы ережелерін бұзудың 30-дан астам дерегін анықтайды. Олардың көмегімен іздеуде жүрген 40-тан астам автокөлік орнатылды.»Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс – шарасын 16 күн ішінде полиция қызметкерлері екі мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, 135 қылмысты ашты, оның ішінде 38-і бұрын жасалған.

Патрульдік полицияның барлық экипаждары жолда қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге көмек көрсету үшін қажетті жабдықтармен қамтылған. Жыл басынан бері патрульдік полицейлерге облыс тұрғындарынан 50-ден астам алғыс хат келіп түскені де мәлімделді.

Тағы бір айта кетерлігі, күні кеше полиция полковнигі Ерлан Омарбеков «Фейсбук» әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты. Өңір тұрғындарына арнаған үндеуінде ол қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін жұртшылықпен ашық диалог оратудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, оның «Фейсбуктегі» парақшасы пікір алмасу үшін ғана емес, сонымен қатар азаматтарды қабылдау алаңы ретінде қызмет ететінін хабарлады.