Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Тұрғындар өтінішін тыңдады

18 февраля 2022 11:27 • 607 просмотров

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аймақ басшысы бұл туралы «Инстаграм» желісіндегі парақшасында жазды.

Облыстың әр өңірінен азаматтар тұрғылықты жерінен бейнеконференция арқылы байланысқа шықты.Облыс тұрғындары балабақшалардағы кезек, есту аппаратына мұқтаждық, Тобыл өңіріне қоныс аудару бағдарламасы тұрғысындағы мәселелерді алға тартып, көмек сұрады. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналардың бастамашыл тобының өкілдері де өтініштерін білдірді.

«Әрбір өтініш бойынша түсіндірме жауаптар мен ұсынымдар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар бердім», – деп жазады облыс әкімі.