Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Сайлаубек Ещанов Облыстық мәслихаттың хатшысы:

19 февраля 2022 12:15 • 750 просмотров

Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалының мүшесі ретінде Президенттің бүгінгі сұхбатта айқан ақпараттарын толық қолдаймын.

Президент бүгінгі сұхбатында жақында ғана болған қаңтар оқиғасына өз көзқарасын айтып, еліміздің бүгінгі және алдағы әлеуметік-экономикалық саясатына байланысты сөз қозғады. Қаңтар оқиғасына қатысқан адамдардың тергеуі әділ жүргізілетін, Алматы әкімін ауыстыру, кадрлық өзгерістер, заң саласы, әке туралы кино жайлы, тіл мәселесі, еңбек мигранты, алдағы Президент сайлауы, еркін сөз, Ресеймен қарым-қатынас жөнінде әңгімелеп берді.

Президент: «Біздің халық еңбекқор ұлт ретінде танылуы керек. Сондықтан халқымыз жаңа технолгияларды біліп, адал жұмыс атқарса, сонда ғана еліміз дамиды. Мен: «Адамдар мемлекет үшін емес, мемлекет адамдар үшін» деген қағиданы ұстанамын. Сондықтан мемлекет тарапынан адамдардың еңбек етуіне, өз әл-ауқатын жақсартып, барынша тиімді еңбек етуіне жағдай жасалады» деп атап өтті.
Біздің халқымыз талай қилы заманды бастан кешірді. Және де сол қиындықтарды абыроймен жеңіп келеді. Сол себепті еліміздің болашағы жарқын, әл-ауқаты қуатты, тәуелсіздігіміздің мәңгілік баянды болуына жұмыс жасау керек екенін айтты. Бүгінгі жағдайда Президенттің әрбір сөзі халқымызға сенімділік беріп, алға нық қадам басуына серпін береді.