Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Мектеп асханаларында жеңілдік жасалады

31 марта 2022 11:22 • 634 просмотров

Қала оқушылары мектеп асханаларында 10% жеңілдікпен төлем жасауға мүмкіндік алды. Бұл туралы Қостанай қалалық прокуроры Ерлан Сәрсенов хабарлайды.

Оның айтуынша, соңғы уақытта прокуратураға мектептердегі азық-түлік бағасының өсуіне қатысты өтініштер келіп түсті.

«Жүргізілген талдау оқушылар үшін прейскурантта көрсетілген бағадан 10% мөлшерінде өнім бағасын бір мезгілде төмендете отырып, тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтерге қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы ақы төлеу үшін жағдай жасалмағанын көрсетті. Сонымен қатар, мұндай төлем әдісі заңнамалық деңгейде қарастырылған. Бұл ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазанындағы №598 Бұйрығының 108-тармағында көзделген», – дейді Қостанай қалалық прокуроры Ерлан Сәрсенов. 

Прокурор мәліменіше, қадағалау актісі бойынша қазіргі уақытта мектептерде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу терминалдары орнатылды, прейскурантқа өнім бағасын қолма-қол ақшасыз есептеу кезінде 10%-ға төмендетумен өзгерістер енгізілді.

«Құрметті ата-аналар, оқытушылар, сіздерге мектеп асханасындағы өнімдерге қолма-қол ақшасыз тамақтану ақысын 10% жеңілдікпен төлеу мүмкіндігінің туғанын хабарлаймыз», – деп түйіндейді ол.