Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«Бала барысы» анықталды

2022 жыл Қазақстан халқы үшін ерекше жылға айналды. Біріншіден, еліміз халықты екі жылдай сергелдеңге салған індеттен құтылып, қалыпты тұрмыс өміріне көшуде. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған өз үндеуі мен Жолдауында аса маңызды шешімдер қабылдап, жаңа Қазақстанды құруға белсене кірісті. Екіншіден Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2022 жыл балаларды қолдау жылы деп жарияланды.

ҚР Президенті балаларға ерекше көңіл бөліп, олардың құқықтарын қорғап, дарынды балаларды қолдауымыз керек деп атап өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын білім кеңістігінде кең көлемде атап өту мақсатымен Қостанай қаласының білім бөлімі ағымдағы жылы кешенді іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Қалалық жоспарға енген болашағы зор іс-шараның бірі № 28 мектеп-гимназиясы ұсынған Қостанай облысындағы мемлекеттік тілде білім беретін мектептердегі жасөспірімдер арасында «Бала барысы» облыстық турнирін өткізу еді.

Себебі, күрес — қазақ халқының ұлттық спорты, төл өнері. Кең даланы мекендеген бабаларымыз өз ұрпағын күрес өнеріне бала жастан баулып, жаттықтырып шыңдаған. Осының нәтижесінде қазақ күресінің тарихында есімдері аңызға айналған тұлғалар қалыптасты.

Балуан шолақ, Қажымұқан Мұңайтпасов, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаровтай даңқты спортшы болу әр баланың арманы.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылғанына 5 жыл толуына орай қоғам қайраткері, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өту мақсатымен 2022 жылдың 28 наурызы күні Қостанай қаласы білім бөлімінің қолдауымен «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 28 мектеп-гимназиясы» КММ базасында 2008-2010 жж. туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен «Бала барысы» облыстық турнирі облыстық деңгейде республика бойынша бірінші боп атап өтілді.

Сайыста Қостанай, Арқалық, Рудный, Лисаковск қаларымен қатар Қостанай, Меңдіқара, Алтынсарин, Әулиекөл, Федоров аудандарынан отыздан астам балуандар күш сынасты.

«Бала барысы» облыстық турнирін Қостанай қаласы білім бөлімінің басшысы Уразбаева Гүлсім Әділханқызы ашық деп жариялады. Білім бөлімінің басшысы өз сөзінде іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, балуандарға жеңіс, төрешілерге әділ-төрелік жасауды тіледі.

Келесі сөз кезегін алған Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының Ұлттық спорт түрлерінен балалар –жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Қабажаев Айбат Ахатұлы спорттың адам ағзасына тигізер пайдасына кеңінен тоқталып, бұқаралық спортты, оның ішінде қазақша күресті өңірлерде дамыту керектігін атап өтті.

Сонымен көптен күткен жеребе тарту рәсімі де өткізіліп, балуандардың қарсылас жұптары да белгіленді.

Белдесу қорытындысы бойынша спорт төрешілері Дарменбаев С. М., Балаканов Д. Г және спорт шебері Біржекенов Н турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықтады.

Чемпиондық белбеу, 1 орын кубогы және велосипед Қостанай ауданы Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының палуаны Ерлан Айдосқа (жаттықтырушысы Жабагин Рысбек) бұйырса. 2 орынның кубогы және планшет Әулиекөл ауданы Сиянов орта мектебінің палуаны Ахметбеков Абылдың (жаттықтырушысы Аманбаев Нұржан) еншісіне бұйырды.

3 орынның кубогын және смарт сағатты Заречный орта мектебінің жас спортшысы Саржанов Мереке (жаттықтырушысы Мұхамбетқали Дәулет) жеңіп алды.

«Бала барысы» облыстық турнирінің демеушілері: Қостанай облыстық АҚ «Алфа Банк» филиалының директоры Ахметова Әлия Болатқызына, № 28 МГ ата-анасы Абдуов Дәуренбек Орманбекұлына, Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының Ұлттық спорт түрлерінен балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Қабажаев Айбат Ахатұлына, Қостанай облысы қазақ күресі федерациясының президенті міндетін атқарушы Қасымханов Жұмахан Нұрханұлына, жеке кәсіпкер Дәркенбай Санайұлына, жеке кәсіпкер Брахметов Тоқтар Досанұлына алғысымызды білдіреміз.

Сонымен қатар, турнирдің барлық қатысушыларына вымпелдер, жейделер және ұлттық тағам — бауырсақтар табысталды.

Барлық палуандарды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Олардың алдағы уақытта да сәтті өнер көрсетіп, жаңа жеңістерге жетуін тілейміз!

Осындай игілікті іс-шараны өткізуге бастама көтерген Қостанай қаласы білім бөлімінің «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 28 мектеп-гимназиясы» КММ еңбегін атап өткен абзал.

Ұжым мүшелері екі ай бой тынымсыз еңбек етіп, аталмыш іс-шараны Қостанай қаласы білім бөлімінің қолдауымен «Бала барысы» облыстық турнирін республикада бірінші болып өткізіп, бастама көтерді.