Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Маңызды қадам – үлкен өзгерістерге

27 мая 2022 11:30 • 544 просмотров

24 мамырда Рудный қаласында облыстық Референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штабының ұйымдастыруымен, конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында «Арасан» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өтті.

Жиынды штабтың мүшесі М. Ысқақов жүргізді. Президенттің бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар іс-шараның басты тақырыбы болды.

Спикер Ата заңдағы өзгерістер демократияны дамытуға бейілділікті көрсететін маңызды саяси реформаларға алып келетінін атап өтті.

«Ұсынылған реформалардың маңыздылығын ескере отырып, ел тағдырына бейжай қарамайтын әрбір азамат референдумға қатысып, жаңа Қазақстанның қалыптасуына өз үлесін қосады деп санаймын. Бұл түзетулерді қабылдау және одан әрі іске асыру еліміздің дамуына жаңа серпін беріп, мемлекетімізді нығайта түспек», – деді Мұрат Ысқақов.

«Арасан» ЖШС ұжымы Президент жүзеге асырып жатқан қайта құру саясатын қолдай отырып, 5 маусымдағы референдумға бір кісідей қатысып, азаматтық сыналар сәтке жауапкершілікпен қарайтындарын айтты.