Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Медициналық пойыздар жолға шықты

27 мая 2022 16:30 • 662 просмотров

Медициналық пойыздар еліміздің шалғай аудандарының 60 мыңға жуық тұрғынына сапалы медициналық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған жобаның нәтижесінде шалғай аудан тұрғындарына көпбейінді мобильді медициналық көмек алуға қолжетімді болады. Пандемия жағдайында және әлемде қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға орай сапалы медициналық сервиске қолжетімділік өте маңызды болып табылады. Осы себепті пойыздар медициналық-санитарлық алғашқы және консультациялық-диагностикалық көмектер көрсетіп, пациенттерді зертханалық әдістермен тексерістен өткізеді. Қажет болған жағдайда кішігірім оталар жасайды, жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдама береді. Бұл өз кезегінде елдімекендердің аудандық және облыстық ауруханалардан шалғайда орналасуына байланысты тұрғындардың ауруын дер кезінде анықтамау және емдемеу салдарынан туындап отырған өткір мәселені шешуге көмектеседі.

2022 жылы Қазақстан бойынша екі медициналық пойыздың бағдары жоспарланған. Пойыздар жалпы алғанда, шалғайда орналасқан 147 станцияға барады.

«Жәрдем» медициналық пойызы 23 мамырдан 6 қарашаға дейін 80 станцияны, ал «Саламатты Қазақстан» 20 маусымнан 2 қарашаға дейін 67 станцияны аралайды. Пойыздар жалпы саны 60 мың адамды қамтымақ. Атап айтқанда, дәрігерлердің қабылдауына келу саны 100 мың, диагностикалық емшараға 18 мың, шағын хирургиялық операцияға 1 200 болса, 8 мың адамға стоматологиялық көмек көрсетіледі деп күтілуде. Медициналық пойыздар бүкіл Қазақстанды аралайды. Мәселен, «Жәрдем» – Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстарына, «Саламатты Қазақстан» Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарына барады.

Бетті дайындаған Маржан Алпыс, суреттерді түсірген автор