Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Атқарылған жұмыс аз емес

16 июня 2022 11:31 • 482 просмотров

Архимед Мұхамбетов Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде аудан тұрғындары сумен қамтамасыз ету, жер телімдері, рұқсат етілмеген қоқыс орындары, білім беру нысандарын жөндеу, интернет байланыс, сондай-ақ жолдарды жөндеу және т. б. мәселелерді көтерді, барлық сұрақтарға жауаптар мен орындаушыларға тиісті тапсырмалар берілді.

Қоғамның әл-ауқатының маңызды факторы тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлардың жайлылығын қамтамасыз ету. Аудан аумағында бұл бойынша біраз жұмыс жасалды. Қостанай ауданыңда өткен жылы Тобыл қаласында «Астана» және «Бәйтерек» сынды жаңа шағын аудандардың құрылысы басталды.

Агроөнеркәсіптік кешен Қостанай ауданының экономикасын дамытудың негізгі драйвері. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 343,5 мың га жерге егін екті. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан ауданға 4,1 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

Өңір басшысы халқыпен кездесуден кейін Тобыл қаласындағы «Sport House» фитнес-клубына барды. Жоба «Бизнестің жол картасы-2025»аясында жүзеге асырылды. Тренажер және кардио залы бар. Тәулігіне 70 адамға дейін барады.

Одан әрі ол Заречное ауылындағы мешіт құрылысының барысымен танысты. Құрылыс жеке қаражат есебінен жүргізілуде.

Сондай-ақ, облыс әкімі «My Eco House» ЖШС фирмасының тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Жалпы, 14 үйдің құрылысы жоспарланған. Биыл 6 үй салынды. Ағымдағы жылдың соңына дейін 8 үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Халықпен кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аудан әкіміне ауданды дамыту және абаттандыру, халықты жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды.