Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Бірлесіп жұмыс істеуге ниетті

16 июня 2022 17:34 • 546 просмотров

Қостанай облысына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен ынтымақтастық аясында Өзбекстан Республикасының «BA INVESTMENT GROUP» компаниясының басшылығы келді.

Аталмыш компания құры­лыс, металл, метиз бұйымдары мен минералды тыңайтқыштар өндіру сияқты түрлі бағыттарда халықаралық нарықта іске қосылған жобалар түріндегі бірқатар табысты жобаларға ие.

Бүгінгі таңда компания Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік сектордағы өз бастамаларын іске асыру үшін алаңдарды қарастыруда. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов инвесторларға Қостанай облысының инвестициялық әлеуетін таныстырды, сондай-ақ инвесторларға мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы пакетін көрсетті.

Компания өкілдері сондай-ақ облыстың бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындары мен Қостанай қаласының Индустриялық аймағын аралады.

— Біз барлық бағыттар бойынша ынтымақтастыққа дайынбыз және әлеуетті инвесторлармен кездесуге және белгіленген бастамаларды іске асыру мақсатында барынша көмек көрсетуге дайынбыз, – деп сөзін түйіндеді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.