Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Өңірдің әлеуеті көрсетілді

16 июня 2022 15:33 • 494 просмотров

Екі күндік сапар аясында Қостанай облысына «Бәйтерек» Ұлттық холдингі АҚ Басқарма Төрағасы Қ. Б. Шарлапаев бастаған делегация келді.

Делегация құрамында холдинг құрамына кіретін «Қазақстанның Даму Банкі», «Өнеркәсіпті дамыту қоры», «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» сияқты компаниялар бар.

Кездесу барысында тараптар «Бәйтерек» холдингінің бизнесті қолдау мүмкіндіктерін талқылап, мемлекеттік қолдау құралдарына қатысты пікір алмасты, сондай-ақ қонақтарға Қостанай өңірінің инвестициялық әлеуеті және облыстың жоспарланған жобалары таныстырылды.

Одан әрі делегация облыстың бірқатар нысандарын, соның ішінде индустриялық аймақ аумағындағы шойын құю және жетекші Көпірлер мен жүк техникасының басты берілістерін өндіру жөніндегі зауыттардың құрылыс алаңын аралап көрді. Сондай-ақ, қонақтар «Евраз Каспиан Сталь», «СарыарқаАвтоПром», «Агромашхолдинг KZ» өнеркәсіптік кәсіпорындарының және агроөнеркәсіптік кешен мен тұрғын үй құрылысының бірқатар объектілерінің жұмысымен танысты.

— Мұндай кездесулер барлық тараптар үшін маңызды әрі пайдалы деп санаймын. Бизнестің мемлекеттік қолдау операторларымен тікелей өзара іс-қимылды жолға қою, өз идеялары мен ұсыныстарын таныстыру мүмкіндігі бар. Бизнесті дамыту институттары өз кезегінде жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құруға бағытталған ынтымақтастық нәтижелері туралы қажет ақпарат алады, – деп атап өтті кездесу барысында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.