Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Еңселі ауыл

23 июля 2022 16:00 • 638 просмотров

Қостанай ауданының Половников ауылында «Ауыл еңбеккерлерін еске алу» аллеясы салтанатты түрде ашылды. Іс-шара ауыл күніне орайластырылды.

Аллея Айсары ауылдық округінің меценаттарының, атап айтқанда, «Половниковское» ЖШС бастамасы. Қостанай ауданының әкімі Жансұлтан Таукенов және ЖШС директоры Олег Двоеглазов ауыл тұрғындарын мерекемен және аллеяның ашылуымен құттықтады. Ал символикалық қызыл лентаны ауылдың еңбек сіңірген еңбеккерлері Николай Барабанов пен Алевтина Тайжанова қиды. Бастамашылар жаңа нысан ауыл барша тұрғындарына кездесу және бос уақытын өткізу орнына айналады деп отыр. Белсенділігімен көзге түсіп, ерекшеленіп жүрген половниковтықтар осы күні алғыс хаттармен марапатталды. Күндізгі мерекелік бағдарлама концертпен аяқталды. Онда аудандық «Алтын дән» мәдениет үйі мен жергілікті клубтың әртістері өнер көрсетті. Ұйымдастырылған спорттық жарыстар да ауыл тұрғындарын бейжай қалдырған жоқ. Командаларға бөлініп, футбол ойнады, арқан тартты. Сондай-ақ, қатысуға тілек білдірушілер лапта ойынында, гір көтеруде, тоғызқұмалақта, армрестлингте өз күштерін сынап көрді. Кешке ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін би кеші мен мерекелік отшашу ұйымдастырылды.