Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Аппарат басшысы тағайындалды

Қостанай облысы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Мұрат Міртайұлы Сандыбаев Ұзынкөл ауданының әкімі қызметінен босатылып, ағымдағы жылғы 28 шілдеден бастап Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

М.Сандыбаев Ұзынкөл ауданының тумасы, бұрын Федоров ауданы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Ұзынкөл ауданының әкімі болып жұмыс істеген.