Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Атаулы дата қарсаңында

4 августа 2022 12:28 • 496 просмотров

Облыс әкімідігінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын өткізуге дайындық бойынша кеңес өтті. Жиын барысында облыстық басқарма басшылары және Жангелдин ауданының әкімі мен мердігер ұйымдардың өкілдері жоспарланған іс-шаралардың жүзеге асу барысы туралы баяндама жасады.

Бүгінгі таңда Ақкөл ауылында медициналық пункт құрылысы жалғасуда, мұражайдың ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ А.Байтұрсынұлы ауылына дейін жалпы ұзындығы 107,6 шақырым аудандық маңызы бар «Шұбалан-Қарасу» автомобиль жолына жөндеу жүргізілуде, оның 11,4 шақырымы қиыршық тасжабыны, 96,2 шақырымы топырақ жабыны болады.

Сонымен қатар, облыстың «оңтүстік» өңірлеріне, оның ішінде Арқалық қаласына, Амангелді және Жангелдин аудандарына инвестиция тарту мақсатында «Қостанай облысының оңтүстік өңірлерінің инвестициялық картасы» интернет-порталын әзірлеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Интерактивті картада әр аймақ бойынша кеңейтілген ақпарат ұсынылады.

Бұл ақпарат болашақ инвестор өңірдің әлеуметтік-экономикалық сипатымен, инфрақұрылыммен және әр ауданның экономикасын дамытудың басым салаларымен танысуға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін осы аудандардағы 16 ауылға мобильді интернет 3G/4G стандартына дейін жақсартылады.

Сонымен қатар, ғылыми-мәдени және спорттық іс-шараларға дайындық жүріп жатыр. Торғай өңірінің белсенді жастарының қатысуымен «Жан жүрегім-Торғайым» атты жастар форумын өткізу жоспарда бар.

Кеңес қорытындысы бойынша өңір басшысы Архимед Мұхамбетов облыстық басқармалардың басшыларына, Жангелдин ауданының әкіміне барлық жоспарланған жобалар мен іс-шараларды сапалы және мерзімінде орындауды тапсырды.