Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«Жауынгерлік қызметтің алғашқы күні»

Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінде, яғни Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімінде 1 атқыштар ротасының жас сарбаздары алғаш рет жауынгерлік қызметке түсіп жатыр.

Олар әскери ант қабылдап, Отанды қорғау, халықтың қауіпсіздігі және оның ертеңгі жарқын болашағы үшін жауапкершілік жүгін өз мойындарына алып, 1-2022 жылғы шақырылымы қылмыстық атқару жүйесін күзетуге 22 тамызда алғаш рет шықты.

    Әскери бөлім командирі полковник М.Есембаев иықтарына қару асынып, жауынгерлік қызметке түсіп жатқан жас жауынгерлерге өзінің ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар оларға іс-шара қонақтары, қылмыстық атқару жүйесінің қызметшілері және әскери бөлім ардагерлері тілектерін жеткізді. Екі айдан аса уақыт ішінде әскери сәлемдесу мен сап түзеуге үйренген, жауынгерлік істің қыр-сырын меңгерген жас жауынгерлер жауынгерлік қызметті қырағы атқаруға сөз берді. Олар Отанға, халыққа, қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында адал қызмет атқаруға серт етті. Іс-шара барысында жас сарбаздарға естелік ретінде «Жауынгерлік қызметтің алғашқы күні» атты естелік қағазы және басқа да естелік бұйымдар табысталды. Айта кететін болсақ 6697 әскери бөлімінің жеке құрамы қоғам тыныштығы мен мемлекет қауіпсіздігін күзетуге әрдайым дайын.

аға лейтенант Келесбай Айтөре Зиятбекұлы