Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ана тілге құрмет

22 сентября 2022 14:17 • 522 просмотров

Қазақстан халқының тілдері күніне және Ұлт ұстазы, түркітанушы, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Лисаков қаласында «Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі» атты форумы өтті.

Тіл – байланыс құралы ғана емес, түрлі ұлт өкілдерін біріктіретін алтын көпір. Қазіргі таңда Лисаков қаласында бірнеше ұлт пен ұлыс өкілі тату тәтті мекен етіп келеді. Мұндай іс-шаралардың мақсаты мемлекеттік тілді үйрену және түрлі этникалық топ арасында мемлекеттік тілін мәртебесін көтеру, жастар арасында насихаттау. Жиынға түрлі салада жүрген шығармашылық өкілдері, белсенділер, білім беру, тілдерді дамыту ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Форумға қатысушылар мінберде тек қазақ тілінде сөйледі. Бұл өз кезегінде мемлекеттік тілге деген құрметтің белгісі.

Сонымен қатар, жастар мемлекеттік тілге және басқа да тілдерге құрметпен қарауды сөз етті. Шараға қатысқан Лисаков қаласының әкімі Абай Ибраев тілдер күні – елдің ең жарқын мерекелерінің бірі. Тіл – халықтыңең құнды байлығы, адамзаттың зияткерлік әлеуетінің қазынасы деп атап өтті.

«Бұл мереке туған тілге деген құрмет, өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін танып білуге, көпұлтты мемлекеттің тұтастығы мен ынтымағын қалыптастыруға бағытталған», – деді Лисаков қаласының әкімі.

Форумға қатысушылар Лисаков қаласында мемлекеттік тілді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

Мәселен, Любовь Кондражиу қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді және өзінің қазақ тілін жетік меңгергенін мақтан тұтады. Оның пікірінше, балабақшаларда мемлекеттік тілде тәрбие беретін топтарды көптеп ашу керек деген ұсыныс тастады.

«Менің ойымша, кішкентай балалар есте тез сақтайды, бірақ егер олар сөздерді әрдайым қолданбаса тез ұмытып кетеді. Сондықтан менің ойымша егер ата-аналар балаларын қазақ тілінде оқытатын топтарға беруден қорықпаса, бұл өте жақсы болатын еді. Өйткені, біз балабақшадан балаларға негіз саламыз ғой», – деді Любовь Кондражиу.

Жалпы, Лисаков қаласы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы 2012 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Тілдерді оқыту орталығының басым бағыттары: мемлекеттік, ағылшын және басқа да тілдерді оқыту, насихаттау.

Сондай-ақ тіл саясатын насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізуге атсалысу. Қазақстан Республикасының 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік тілді дамыту жүйесі бойынша Тілдерді оқыту орталығы этнос өкілдеріне сабақ береді.

Биыл орталықта 14 топ құ­рылды. Онда мемлекеттік тілді оқып-білуге қызығушылық танытушылар саны ге ынта білдірушілер ді тыңдаушылар саны 243 адамға жетті. Мемлекеттік тілді дамыту бойынша орталықта оқудан бөлек іс-шаралар (байқаулар, кездесулер, семинар, дөңгелек үстел, форум, конференция, челлендж, акциялар) өткізіп келеді.

Форум қорытындысы бойынша қала әкімі Абай Ибраев мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосып жүрген бірқатар мамандарды марапаттады.

Бетті дайындаған Маржан Алпыс, суреттерді түсірген автор