Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Балалар шығармашылығы жалғасады

29 сентября 2022 11:17 • 533 просмотров

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты іске асыруға қатысты мәселе қаралды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыс тетігі 2021 жылдың мамыр айынан бастап балалардың спорттық және шығармашылық үйірмелерін жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы жүзеге асып келеді. Бағдарлама 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге спорттық және шығармашылық үйірмелерге қатысуға мүмкіндік береді. Спорттық және шығармашылық тапсырыс облыстың барлық өңірлерінде, artsport.edu.kz веб-порталында жүзеге асырылады.

Бүгінгі күні Қостанай облысы бойынша 4 жастан 18 жасқа дейінгі 8800-ден астам бала мен жасөспірім шығармашылық үйірмелерге, ал спорттық секцияларға 6341 бала мен жасөспірім тегін барады.

2022 жылғы 1 қазаннан бас­тап мемлекеттік спорттық, шығармашылық және білім беру тапсырыстары шеңберінде бір балаға бір үйірмеге ғана қатыса алады, сондай-ақ шығармашылық және спорттық үйірмелер түрлерінің саны азаяды.

Кеңес қорытындысы бойынша аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов қала және аудан әкімдеріне балаларды жеткізушілер мен заңды өкілдер арасында жаңалықтар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.