Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Мәслихат депутаттары Қостанай облысының әкімінсайлады

5 декабря 2022 17:38 • 527 просмотров

Облыс әкімі лауазымына екі үміткер ұсынылды: Құмар Ақсақалов және Аслан Жаныспаев.

244 мәслихат депутатының 192-сі Құмар Ақсақаловқа дауысберді.

Ақсақалов Құмар Іргебайұлы 1965 жылы қазіргі Ұзынкөлауданы, Ленинское ауылында дүниеге келген. 1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы инженерлері институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.

Экономика ғылымдарының кандидаты.Еңбек жолын 1987 жылы Қостанай облысы Урицкий ауданындағы Крыловский кеңшарында бастаған.

1998–2002 жылдары Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі болды.

2002-2004 жж — Қостанай облысы Таранов ауданының әкімі. 2017 жылғы 14 наурыздан 2022 жылғы 30 қарашаға дейін — Солтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қостанайоблысының әкімі болып тағайындалды.

«Дауыс беру ашық өтті, депутаттар көпшілік дауыспен Қостанай облысының әкімі лауазымына екі кандидаттыңішінен ең лайықтысын таңдады», –дейді Қостанай облыстық мәслихатының бюджет және экономика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Қырмызы Жаңбыршина. –Облыс басшысы болып Құмар Ақсақалов сайланды. Ол өз бағдарламасын анық және сауатты түрде көрсетті. Өңірлердің даму қарқыны мен оның нәтижелері тек қана арта түседі деп сенеміз. Облысты тәжірибелі басшы, Қостанай облысының тумасы басқаратынына қуаныштымыз. Біздің облыс үздік бестіккеенді, көрсеткіштерді одан әрі жақсартып, үздік үштіккекіретінімізге кәміл сенеміз.

-Желтоқсанның 1нде біз облыс басшысын сайладық, бұрын бізде мұндай таңдау болған жоқ, іс жүзінде келісім, облыс әкімінің бекітуі болған, – деп атап өтті депутат Анатолий Злой. –Өзіңіз үшін таңдау жасай білу өтемаңызды. Парламент Мәжілісі, Президент Әкімшілігі -Елордада,ал біз Қостанай облысындамыз, біздің өмірімізосында және қазір жүріп жатыр. Қазір бізге екі кандидат берілді, олардың әрқайсысының бағдарламасын тыңдадық. Депутаттар бағдарламасы бүгінгі күннің шындығынакөбірек сай келетін кандидатқа дауыс берді.

Облыста орналасқан мәслихаттар немесе республикалықмаңызы бар қалалар мен астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру қағидалары Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы Жарлығымен бекітілгенін естеріңіз гесаламыз.