Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Мерекені атап өтті

Қаламыздағы Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Амал күнін атап өтті, осыған орай рухани, мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

«Нұр құшып Наурыз келді өлкемізге» атты думанға зиялы қауым, жергілікті билік өкілдері, кітапхананың тұрақты оқырмандары, студенттер және жас өнерпаздар қатысты.

Қазақтың салт-дәстүрін айшықтайтын көрмелер жайылып, «Ақ қауырсын» әдеби клубының жас мүшелері сахналандырылған көріністер қойды. Көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылып, ән әуелеп, күй күмбірлеп, жас дарындар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Құрметті меймандарға арналып арнайы дастархан жайылып, мерекенің бас тағамы Наурыз көже үлестіріліп, қымыз сапырылып, табақтап ет ұсынылды.

Рухани іс-шараларлың ұйытқысы болып жүрген кітапхана ұжымы шынымен де қонақжайлықтың жоғары үлгісін көрсете алды. Жиылған қауым көрісу ырымын жасасып, қал-қуат сұрасып, естелік суретке түсіп жатты. Аға буын өкілдері жұртшылықты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ұйымдастырушы ұжымға алғыс айтты. Жасы жүзге таяған қадірменді ақсақал, соғыс ардагері, мәдениет қайраткері Қасымхан Алдабергенов ақ батасын берді.

Бетті дайындаған Еркін Ануаров