Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Әскери бөлімге — 52 жыл

Полковник Т. Әбдіров пәрменгерлік ететін «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөліміне 52 жыл толды.

Қаладағы түзету мекемелерін және көшелерде қоғамдық тәртіпті күзету, сотталғандарды айдауылдаумақсатында 1971 жылдың 30 наурызы әскери бөлім құрылған болатын. Алдымен қазіргі әскери бөлім батальон, кейін 1979 жылы 3 мамырда КСРО ІІМ бұйрығымен полк болып қайта өзгертілді. 1972 жылы 30 наурызда Қостанай қаласындағы В.И.Ленин атындағы алаңда саланатты түрде бөлімге Қызыл Ту табыс етілген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы жауынгерлері Тәуелсіз мемлекет аспанында тыныштық күзетіп әскери борыштарын өтеуде. Бүгінде 52 жыл толып отырған 6697 әскери  бөлімі Кеңес заманында құрылса да, сол кезде қойылған міндет, абырой, ерлікті тәртіптің мызғымас қаруына айналдырып жауынгерлік қызметте үздік нәтижелерге қол жеткізіп жүр.

Әскери бөлімге жүктелген негізгі міндеттер – Қостанай қаласындағы көшелерде қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету, сотталғандарды айдауылдау болып табылады.

Әскери бөлімнің құрылуы мен қалыптасуына әр жылдарда басқарған басшылардың сіңірген еңбектері зор. Ұлттық ұланда  өзіндік орны бар бөлімнен түлеп ұшқан офицерлер бүгінгі күні жауапты қызметте еңбек етіп жүр. Мұндағы жеке құрамның жауынгерлік әзірлігі де үнемі жоғарыдан көрініп келеді. 

Әскерде командир болып қызмет атқару дара басшылық пен мықты ұйымдастыру қасиеттің жоғары болуының арқасында тәртіпті бұзбай, бөлімнің жауынгерлік дайындығын жоғары деңгейге жеткізіп отыратын бірінші тұлға. Жеке құрамды басқарып қана қоймай, өз өмірлерін бәйгеге тігіп әскерді барлық жағынан қамтамасыз ете жүріп еңбектері елге ерен болған басшыларды айта кеткеніміз абзал. Олардың қатары бүгінде саны 22 бөлім командирлері десек, оның ішінде 4 генерал шеніне  жеткен офицерлерді мақтанышпен айтуға болады. 1992, 1993, 1994,1995,1997,1998 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскеріндегі жауынгерлік сайыста бөлімдер арасында әскери бөлім бірінші орынға ие болып, 1 дәрежелі дипломмен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі – Ішкі әскерлер Қолбасшысының Абылай хан атындағы ауыспалы Жалаушасымен марапатталды. 2004 жылдың 3 ақпанында Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің тікелей қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенінің Грамотасы және Жауынгерлік Туы табыс етілді.

Атаулы мерекеге орай «Алтын дән» мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға әскери бөлімнің ардагерлері, жеке құрам және өзара әрекет ететін құрылымдардың өкілдері қатысты. 

Салтанатты іс-шарада бөлім командирі жеке құрамды мерекемен құттықтап, мінсіз қызметтері үшін алғысын білдірді.

Сонымен қатар, шара барысында жеке құрамды көтермелеу жайлы бұйрық жеткізіліп, әскери қызметтегі кәсіби шеберліктері үшін бір топ офицерлер, сержанттар, сарбаздар алғыс хаттармен, мақтау грамоталарымен марапатталды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, «Алтын дән»мәдениет үйінің көркемөнерпаздары мен әскери оркестр өз өнерлерін көрсетті.

Бұдан былай да полковник Талғат Әбдіров басшылық ететін әскери бөлімнің әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті күзету және айдауылдау бойынша жауынгерлік міндеттерін абыроймен атқара бермек. 

Қостанай қаласы майор Ж. Ибрагимова