Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Аудан халқымен тілдесті

Қостанай облысынң әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен облысымыздың екі ауданына – Денисов және Қамысты аудандарына барды.

Бұл жақта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің үлесі жоғары, сондықтан аудан тұрғындарының әл-ауқаты сонымен тығыз байланысты.

Мәселен, Денисов ауданында «Eurasia Farm Innovations»ҒӨО ЖШС жалпы ауданы 11 мың гектар агроқалашықты өрістетуде. Жоба цифрлық технологияларды енгізе отырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің инновациялық экожүйесін дамытуды көздейді. Кәсіпорын жоғары технологиялық астық қоймасын, картоп қоймасын, бордақылау алаңын салудан басқа, қызметкерлер мен фермерлерді ауыл шаруашылығы саласындағы озық шешімдерге үйрету үшін ғылыми-білім беру орталығын іске қосуды жоспарлап отыр. Біз өз тарапымыздан ауыл шаруашылығында инновациялар енгізіп жатқан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге барынша қолдау көрсететін боламыз. Жұмыста жаңа технологияларды ұтымды пайдаланбайтын адам экономикалық тұрғыдан алға жылжымайды.

Жергілікті активі бар аудандардағы кездесулерде мен жеке бақылауға алған маңызды және уақтылы абаттандыру мәселелері көтерілді. Атап айтқанда, екі ауданды сумен жабдықтау бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланған, оған рекордтық 2,8 млрд теңге бөлінді! Сондай-ақ, елді мекендердің жолдары мен көшелерін жөндеуге 2,2 млрд.бағытталатын болады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда бірнеше есе көп.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Денисов және Қамысты аудандарына іссапармен барып жұртшылықпен тілдесті. Халықпен жүздесіп, арыз-шағымдарын, өтініш-тілектерін тыңдады. Тиісті ведомство басшыларына ауыл халқының мәселесін оң шешуіне тапсырмалар жүктеді.