Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Әлеуметтік қорғау жұмысы қорытындыланды

«AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалында отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің ұйымдастыру отырысы өтті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңес отырысында отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің 2022 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды. Ережеге сәйкес 2022 жылы Кеңес «AMANAT» партиясының Қостанай облысы бойынша

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы индикаторларының орындалуына мониторинг және бақылау жүргізді, сондай-ақ «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырды.

Жыл ішінде 5 кеңес отырысы өткізілді. Отырыстарда 15 мәселе қаралып, отырыс қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен партияның аумақтық филиалдарына 51 ұсыныс берілді. Барлық ұсыныстар дер кезінде орындалды.

Сонымен қатар, жұмыс топтары құрамындағы кеңес мүшелері мәслихат депутаттарымен, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен бірлесіп 7 көшпелі рейд және 3 кездесу өткізді, жыл сайынғы Балаларды қорғау күнін, Наурыз, Жаңа жылды мерекелеуге орайластырылған қайырымдылық акцияларына белсенді қатысты, «Баланы мектепке жинайық!»республикалық акциясы шеңберінде көмек көрсетті.

2022 жылғы партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасын орындау бойынша уәкілетті органдар 2022 жылға арналған объектілерді бейімдеудің бекітілген жоспарына сәйкес әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 259 объектісін сәйкес келтірді. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 3,5 мың адамды қамти отыра, 900 іс-шара, 13 мың көпбалалы отбасының нысаналы тобын қамти отыра «Бақытты отбасы» жобасы шеңберінде 700 іс-шара өткізілді.

Қостанай, Арқалық, Рудный, Лисаков, Жітіқара қалаларында және Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылында 6 отбасын қолдау дағдарыс орталықтары ашылып, жұмыс істейді.

Отырыс барысында сондай-ақ отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, Өңірлік кеңес құрамындағы өзгерістер бекітілді.

Бетті дайындаған Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды