Бірінші кезекте — бірінші кезектегі қажеттіліктерге

7 июня 2023 13:14 • 585 просмотров

Облыс әкімдігі енгізген 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау туралы шешімнің жобасын бекітпес бұрын Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары бюджеттік бағдарламалардың басшыларына отыздан астам сұрақ қойды.

Облыстық бюджетті нақтылаудың негізгі себебі мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қалыптасқан үнемдеуді қайта бөлу және кіріс бөлігін ұлғайту болды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазина депутаттарға қосымша қаржыға тапшы 11 негізгі бағытты ұсынды.

Депутаттар білім беру саласындағы қаражатты бөлуге ерекше назар аударды, өйткені оған бюджеттің ең көп бөлігі, атап айтқанда 2, 416 млрд теңге тиесілі. Бұл соманың көп бөлігін облыс педагогтарының жалақысына, облыстың 15 мектебінің шатырын, ғимараттарын, жылу жүйелерін ағымдағы жөндеуге және білім беру саласының басқа да көптеген қажеттіліктеріне бағыттау жоспарлануда. Депутаттар ең проблемалық мәселелерді тағы да қозғады, олардың бірі жобалау-сметалық құжаттама мерзімінің аяқталуы.

Депутат Қырмызы Жаңбыршина кәсіпкерлерге субсидия бөлу жайында сөз қозғады. Белгілі болғандай, бүгінде субсидиялар жөнінде облыс әкімі «Даму» қорымен тікелей жұмыс жасауда.

Депутат Махаббат Жутаев мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде әлеуметтік нысандар салу мәселесін көтерді, себебі іске асырудың мұндай нысаны іс жүзінде оң өнімділікті көрсетеді.

— МЖӘ неге жаппай қолданылмайды? Қамысты Чандақ ауылында «Тұрар» ЖШС фельдшерлік-амбулаториялық пунктін салу мысалында біз бұл бюджет қаражатын үнемдеудің өте тиімді тетігі екеніне көз жеткіздік, — деп түйіндеді депутат.

Халық қалаулылары су тарату пункттері (СТП), ауылдық жерлердегі фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттерді орнату мен салудың, жолдарды жөндеудің тиімділігі мен орындылығы жөнінде сұрақтар қойды. Комиссия мүшелері жауапты мемлекеттік органдарға белгіленген негізгі басымдықтарды ескеруді және бірінші кезекте бірінші кезектегі қажеттіліктерге қаражат бөлуді реттеуді қатаң ұсынды. Комиссия мүшелері облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының қарауына ұсыныстар енгізуге дауыс берді. Отырысқа сондай-ақ департаменттер мен басқармалардың өкілдері ( бюджеттік бағдарламалар әкімшілері), қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Василий Васильев, фото автордікі