Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

КІА зауытын салу жоспарланып отыр

Қостанайда жергілікті билік пен КІА корпорациясының қолдауымен КІА автокөліктерін шығаратын зауыт салу жоспарланды. Бұл туралы КІА зауытының бас директоры Ким Дэки инвестициялық форум барысында мәлім етті.

KІА зауытының бас директоры Ким Дэки компанияның Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық маңызды көпірі саналатын Қазақстанмен тығыз ынтымақтастық жөніндегі ниетін айтты.

Осы брендтегі алғашқы зауытты Қазақстанда салу туралы шешім осы жерден пайда болды.

Құрылысы жоспарланған зауытта корей маркалы автокөліктерді шығарудың толық циклін іске қосу жоспарланып отыр.

Ким Дэктің айтуынша, жобаны жүзеге асыруға шамамен 200 миллион доллар бөлінеді, оның 120 миллион доллары құрал-жабдық сатып алуға, қалған 80 миллион доллары зауыттың өзін салуға жұмсалады.

«Алғашқы құрылыс жұмыстары биыл күзде басталады, ал 2024 жылдың тамызында құрылғыларды орнату жұмыстары жүреді. 2025 жылдың маусымына дейін корпорация толық өндірістік циклді іске қосуды жоспарлап отыр», – деді Ким Дэки.

Инвесторлар мен жергілікті билік өкілдерінің ойынша зауыттың іске қосылуы өңірдің экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.