Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қоныс аударушыларға жұмыс бар

Қостанай облысында қоныс аударған адамдарға көшуге және баспананы жалға алуға 250 теңге сомасында материалдық көмек төленді. Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Құмар Ақсақалов айтты.

«Республиканың жұмыс күші артық өңірлерінен азаматтар мен қандастарды облысқа тарту іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Биыл өңірлік квота 960 адамға бекітілді, оның ішінде 280 қандас және 680 қоныс аударушы бар. Қазіргі кезде квота 89 пайызға орындалды. Облысқа 856 адам көшіп келді, соның арасында 263-і – қандас», – деді Қ. Ақсақалов.

Оның айтуынша, қоныс аударған адамдарға көшуге және баспана жалға алуға 250 теңге сомасында материалдық көмек төленді.

«Биылдан экономикалық ұтқырлық сертификаттары беріле бастады. Бұл өз кезегінде 115 отбасыға тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік берді. Барлық еңбекке қабілетті қоныс аударған адамдар жұмыспен қамтамасыз етілді. Биыл 362 адам жұмысқа тұрды, 10 адам кәсіпкерлік саласына барды», – деді әкім.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жыл соңына дейін солтүстік өңірлерге тағы 4 512 адамды (қоныс аударушылар мен қандастар) қоныстандыру жоспарланған.

Бүгінгі күні квота 89,2% орындалды. Облысқа 856 адам көшіп келді, оның ішінде 263 қандас және 593 қоныс аударушы.

Қоныс аударған азаматтарға көшуге және тұрғын үйді жалдауға жалпы сомасы 250,2 млн теңгеге материалдық көмек төленді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдан бастап Экономикалық ұтқырлық сертификаттар беріле бастады. Бұл 115 отбасына тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік берді. Мемлекет сатып алынған тұрғын үй құнының 50%-не субсидия қарастырған.

Барлық еңбекке қабілетті қоныс аудуарушылар жұмыспен қамтамасыз етілген: Биыл 362 адам жұмысқа орналастырылды, 10 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады.

Қоныс аударушылар көбінесе денсаулық сақтау, білім, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында жұмысқа орналастырылды.

Бес жылдың ішінде осы салалар бойынша 600-ден астам адам жұмысқа орналасты. Осылайша аталған салалардағы маман тапшылығы азайып отыр (білім 35%, денсаулық 23%, ауыл шаруашылығы 27%).

Сондай-ақ, келген дәрігерлер үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен көтерме төлемдер қарастырылған: қалалық жерге – 3,5 млн теңге, ауылдық жерге – 5,0 млн теңге көлемінде.

Мамандарды тарту мақсатында облыс делегациялары Қызылорда облысында, Шымкент қаласында Бос орындар жәрмеңкелеріне қатысты.