Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа зауыттар ашылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынған мәлімет бойынша 2023 жылы елімізде 170 өнеркәсіп жобасын іске асыру көзделіп отыр екен.

Қостанайдағы республикалық машина жасау орталығы биыл коммерциялық жүк көліктеріне арналған көпірлердің негізгі компоненттерін өндіру бойынша негізгі өнеркәсіп орталығына айналмаққа бет бұрды. Зауыт автоматтандырудың жоғары дәрежесімен ерекшеленіп, халықаралық экологиялық стандарттарға толық сай келетінін және жергілікті оқу орындарымен ынтымақтастық орнатқанын сөз арасында айта кеткеніміз жөн болар. Өндіріс іске қосылғанда мұнда 300-ге дейін адам жұмыс істейтін болады.

2023 жылы отандық автомобиль өнеркәсібіндегі тағы бір айтарлықтай жаңалық – Қостанайда Chevrolet Enix маркалы автокөліктердің өндірісі жүзеге асырылады. Нарықта қозғалтқышы 90 және 132 ат күшіне тең седанның 2 түрі жасап шығару жоспарланған. Соған сай жыл сайын 30 мың көлік шығару көзделіп отыр. Ауқымды жобаны іске асыруға 23,4 млрд теңге жұмсалып, 400 жұмыс орны құрылады.

Бұдан басқа Саран қаласында тұрмыстық техниканы, Алматыда алюминий радиаторларын, Қарағандыда жел генераторларына арналған конустық мұнараларды, Қостанайда Jetour, Kia және SsangYong маркалы көліктерді, ал Павлодарда алюминий дискілерін өндіру жоспарланған. Елімізде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін макарон өнімдері, сүт және сүт өнімдері, құс еті және тағы да басқа өндіріс орындарының ауқымы кеңейтілмек.

Тұтастай алғанда, 2023 жылы 13,2 мың тұрақты жұмыс орнын құру межеленіп отыр.