Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Отандық өнімге қолдау

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қостанадайғы бірқатар өндіріс ошақтарын аралады. Аймақ басшысының барған бірінші нысаны «Евраз Каспиан Сталь» арматура зауыты. Өткен жылы өндірілген өнім көлемі 389 мың тонна.

«Шағын және орта бизнесті қолдау арқылы жаңа жұмыс орындарын құрып, бюджетін кірісін ұлғайту, облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуметін арттыру – басым бағыттардың бірі. Осы бағытта небәрі 41% жүктемемен жұмыс істеп жатқан тұрғын үй құрылысы комбинатына қолдау көрсетуіміз керек. Біздің алдымызда тұрғын үй құрылысын көбейту міндеті тұр. Біз осылайша жергілікті өндірушіні қолдауға әзірміз. Аталған комбинат өнімі облысымыздың, Қостанай қаласы құрылыс нарығын толықтай қамтуға қауқарлы. Бұл мәселені облыстық құрылыс басқармасына тапсырдым. Бұдан басқа, «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС зауытын «Батыс» қосалқы станциясына қосу мәселесі қаралуда. Бұл ТМД елдеріне өндіріс пен экспорт көлемін едәуір арттыруғ мүмкіндік береді», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Қостанайда илемделген болат шыбықтар бүгінде елімізде ғана емес, экспортта да сұранысқа ие. Зауытта тапсырысқа сай диаметрі 8-ден 40 мм аралығындағы құрылысқа қажетті арматуралар шығарылады. Кәсіпорын үшін ең маңыздысы – сапа. Сондықтан да болат шыбықтардың құрылысқа төзімділігі арнайы зертханада тексеріледі.

Бетті дайындаған Бақыт ТҰРАШ, суреттер ғаламтордан алынды