Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жайдарлы жаздың қызығы

Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін балалар жазғы лагерлерге асығады. Қуанышқа толы көңілді жаздың ұмытылмас естеліктерін әдеттегідей, Әулиекөл аудандық Өнер мектебінің ұстаздары балалар демалысын қызықты өткізуге септігін тигізді.

Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз.

Жазғы лагерь өз жұмысын ағымдағы жылдың 1 маусымнан бастады. Демалыс қызықтарының басты мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және таланттарын анықтау, балалардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты бағытта дамыту.Бүлдіршіндер бұл жерде күндерін көңілді әрі қызықты өткізді.

Күнделікті жоспар бойынша таңертеңгі жаттығулар, тәрбие сағаттары, байқаулар ұйымдастырылады. Тәлімгерлер балалардың демалысы көңілді, қуанышқа толы болуы үшін күш-жігерін, шығармашылық қабілеттерін аямай, әр күнге жоспарланған қызықты мерекелік іс-шаралар ұйымдастырып отырды. Іс-шаралар жоспарында, «Алло, мы ищем таланты», «Қайталау би қимылдары», «Мой сценичесий оброз», «Я пою, а значить – я живу», « біздің еліміздің Экологиясы», «Спорт және квест апталығы» тақырыптарында көңілді мерекелер аталып өтілді.

Топтық – спорттық ойындар, саяхаттар, табиғат аясында ойындар, экскурсиялар, флешмобтар, түрлі тақырыптағы дөңгелек үстелдер өткізілді. Атап айтқанда, аудандық кітапханаға қызықты саяхат әлеміне барып қайтты сондай-ақ, ауданымыздағы ескерткіштер алаңдарына экскурсия жасалынды. Тәрбиеші мұғалімдер ұйымдастырған танымдық сабақтарға оқушылар қызығушылықпен келіп, көп нәрсе үйренгенін айтады. Өткізілген іс-шаралар, әр баланың талантын ашуға және дамытуға көмектеседі және достарымен бірге сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі жеткіншектердің қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді, оларға зерттеулер мен белсенді танымдық шараларға қатысуға мүмкіндік беріледі.

Лагерьдің тағы бір пайдасы – таза ауасы. Балаларға арнап ашық алаңда саяхаттар ұйымдастырылып әртүрлі ойын түрлері өткізіліп бүлдіршіндерге есте қаларлық сәт сыйланды. Осылайша әр күні мәнді де сәнді өткен жазғы демалыстың алғашқы айы балалардың көңілінен шықты.

М. Б. Акшалова, директордың орынбасары