Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Тараптар меморандумға қол қойды

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловпен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Жасалған келісім қала тұрғындарына дәрігерлердің тегін консультацияларын, санаторийлік-курорттық емдеу және медициналық оңалту қызметтерін алуға, қажет болған жағдайда ауыр науқастарды емдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ортақ келісім өңірдің медицина қызметкерлеріне инновациялық технологияларды оқыту, ауруларды диагностикалау, емдеу мен оңалту, жаңа медициналық технологияларды еңгізу саласында тәжірибе алмасуды көздейді.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Медициналық орталық ауруларды емдеу мен диагностикалауда қолданылатын жаңа технологиялар мен жоғары сапалы медициналық қызметтердің оларда да қол жетімді болатынына сенім білдірді. Медициналық орталықтың мамандары өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісе отырып, аймақ медицинасының дамуына зор үлес қосты.

Өз кезегінде, ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы мұндай сапарлар Қазақстанның әрбір азаматы қолжетімді, әрі сапалы медициналық көмек алуы үшін облыстық ауруханалар мамандарының біліктілік деңгейін арттыруға көмектесетінін атап өтті.

«Медициналық орталық қызметінің аясында білім беру, ғылыми зерттеулер, санитариялық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында инновациялық әдістерді іздеу және енгізу саласында түрлі жобалар іске асырылуда. Бүгінгі қол қойылған меморандум шеңберінде облыс әкімдігімен бірлесіп, жол картасы әзірленетін болады. Оның негізінде біз бірнеше жыл бойы өңірде денсаулық сақтауды дамыту бойынша белгіленген жоспарларды іске асырайтын боламыз» – деп, Алексей Цой жоспарымен бөлісті.

Медициналық орталықтың 32 жетекші маманы (нейрохирург, травмотолог, аритмолог, гинеколог және т. б.) «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері» аясында Қостанай облысының тұрғындарына практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетті.