Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа басшылар таныстырылды

21 сентября 2023 14:26 • 333 просмотров

Қостанай облысы әкімдігінің басқармаларына жаңа басшылар тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов айтты.

Қостанай облысы әкімінің өкімімен Динара ИХЛАСОВА Қостанай облысы әкімдігінің Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Динара Мырзалықызы бұған дейін аталған басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Сондай-ақ, 1 қыркүйектен бастап Ерлан Олжабайұлы ТЕМЕНОВ Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Әулиекөл ауданының әкімі қызметін атқарған болатын.

Бетті дайындаған Бақыт ТҰРАШ, суреттер Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен алынды