Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары сотталғандарға кітап сыйлады

Халық қалаулылары ҚАЖ Департаментінеқарасты «№38 Мекеме» РММ-де тағы да болыпқайтты. Жабық түрдегі күзетілетін мекемегебаруының басты мақсаты — сотталғандарғакітап пен гитара тапсыру болды.

Депутаттар Динара Өтебаева мен Александра Сергазинова — қоғамдық-бақылау комиссиясыныңмүшелері.  Бұл мекемеге жиі келіп тұрғандықтан  жазасын өтеушілердің жағдай-тұрмысымен жақсы таныс.

Халықтың қалаулылары түзеу мекемелеріне ай сайын барып, сотталғандармен кездесіп, қамауда ұстау жағдайына қатысты мәселелерді қолдан келгенше шешуге ат салысып тұрады. Депутаттар мен сотталғандар арасындағы тікелей, жанды қарым-қатынас өзекті мәселелерді талқылау және өзекті мәселелерді шешу үшін алдағы кездесулерге себеп болады. Депутат Адиль Карибов әлеуметтік нысанға алғаш рет келгені болса да, жазасынөтеушілердің жақсы жағдайда өмір сүріп жатқанына көзі әбден жетті. 

Депутаттар қайырымдылық көмектен бөлек, сотталғандардың өздерін де волонтерлік қызметке тартады. Қалалық колония жазасын өтеушілер қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерімен бірге өткен қыста қарды тазалауға көмектесті. Олар жақында отбасылық волейболға қатысты. Пандемия кезінде №38 мекемедегі сотталғандар бетперде тігіп, оттегі баллондарын тасымалдайтын арбалар жасап, тіпті балалар үйінің тәрбиеленушілеріне құлпынай да өсіріп берді.

Сапар барысында депутаттар бірнеше ғимаратты аралады: асхана, акт залы, камералар, сондай-ақ кейбір сотталғандармен олардың  өмір сүружағдайлары туралы әңгімелесті. Сұхбаттасқан адамдардың ешқайсысы ештеңеге шағымданбады. Бұл мекемеде қазір тек бірінші рет сотталғандар ғана орналасады. Өткен жолы депутаттар тергеу изоляторы мен жергілікті кітапханада болды. Оның оқырмандары арасында заңгерлік және көркем әдебиет кітаптары сұраныста, сондықтан сыйға тартылған кітаптардың бір бөлігі сол жерге жіберілді.

«Кітап оқу сотталушылар үшін ең қол жетімді әрекет, бұл тәрбие процесіне де жақсы әсер етеді», — дейді депутат Динара Өтебаева. – Кітапхана қорын жаңа кітаптармен толықтыруға тырысамыз, жинап алып, жылына бір-екі рет әкеліп тұрамыз. Бұл жолы музыкалық аспаптар керек екендігі жайында пікірлер айтылған болатын. Сотталғандардың кейбірі аспапта ойнауға  үйренгісі келеді, ойнай білетіндер концерттер өткізеді, бұл да оқу процесінің бір бөлігі болып табылады емес пе.

Депутаттар, қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері, сотталғандар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған кездегі «Қақпа алдындағы кездесу» шарасына қатысады.

«Бұған дейін біз олармен қоғамдағы әлеуметтенуге дайындық жұмыстарын жүргіземіз», — дейді депутат Динара Өтебаева. – Біз оларды мемлекеттік жұмыспен қамту және тұрғын үй бағдарламаларымен таныстырамыз.

Жақында бір сотталған бостандыққа шығады, біз оның емделуіне, мүгедектігін алуына, ұстаумәселесін шешуге көп көмектестік. Біз де онымен кездесіп, бірінші кезде көмек көрсетеміз.

Қылмыстық-атқару жүйесіне баруды «дәстүрлі түрде ұйымдастырылған шара» бір белгі ретінде жасай салған жұмыс емес, мұндай шаралар түрмеде отырғандардың өмірін шамалы болса да жеңілдетіп, ауыр ойдан бір сәтке болса да арылтатыны сөзсіз.  

Василий ВАСИЛЬЕВ, сурет автордікі