Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

ОБЛЫСТЫҚ МЕКТЕПТЕРДІ 100 % ЖЫЛДАМ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ: ЖОСПАР ОРЫНДАЛДЫ

Облыстық білім және денсаулық сақтау кеңесінің биылғы қорытынды отырысында «АМАNАТ» партиясының денсаулық сақтау мен білім беруді дамытудың сайлауалды бағдарламасын өңірлік деңгейде іске асыру бойынша Жол картасын іске асыру барысы талқыланды.

️Биылғы жылы «30 білім беру нысанына күрделі жөндеу және 227 нысанға ағымдағы жөндеу» көрсеткіші бойынша. 20 ұйымды күрделі жөндеу қарастырылған, оның ішінде 17 нысан аяқталды. Биылғы жылы барлық аудан мен қалаларда робототехника, химия, биология, физика және STEM бойынша заманауи 55 мектеп кабинетін ашу жоспары орындалды.

Облыстағы 9 мектепке 9 пәндік кабинет сатып алынып, жеткізілді. Мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен 100 пайыз қамтамасыз ету мәселесіне келсек, бүгінгі таңда облыстағы 445 мектептің барлығы 4 Мбит/сек және одан жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етілген. Оның 275-інде интернет жылдамдығы 20 Мбит/сек.

Сондай-ақ жоспарға сәйкес биылғы жылы Лисаков қаласы мен Қарасу ауданында 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін ашу жұмыстары жүргізілуде, онда 190 бала қызмет көрсетуге мұқтаж.
Өз кезегінде, денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтау және мемлекеттік қызметтер бөлімі басшысы Әлия Бекенованың айтуынша, халықтың денсаулығын сақтау бөлігінде Жол картасында денсаулық сақтау нысандарын салу және жөндеу, медицина қызметкерлерін жұмысқа орналастыру, медициналық жабдықтарды сатып алу, жылына кемінде бір рет скринингтік зерттеулер өткізу бағыттарын қамтитын 5 пункт белгіленген.
2025 жылға қарай Қостанай облысында 25 амбулаториялық мекеменің құрылысы жоспарлануда. Қазіргі уақытта 6 нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. 10 ай ішінде жалпы сомасы 239,3 млн.теңгеге екі денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды: Қостанай қаласындағы №2 емхана ғимаратына күрделі жөндеу және облыстық қан орталығы ғимаратының шатырын жөндеу.
Сондай-ақ Жол картасында қатерлі ісіктерді ерте анықтау мақсатында облыстық онкологиялық диспансерде және қалалық, аудандық ауруханаларда жыл сайын кемінде 48,5 мың скринингтік зерттеулер жүргізу белгіленген.

2023 жылдың 10 айында ТІО (тоқ ішек обыры) скринингімен 56 409 адам, СБО (сүт безі обыры) скринингімен 42 211 әйел, ЖМО (жатыр мойны обыры) скринингімен 29 060 әйел қамтылды. 10 айдың қорытындысы бойынша скринингтік тексерулер аясында жатыр мойны обырына шалдыққан 16 әйел, сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан 111 әйел және тоқ ішек қатерлі ісігіне шалдыққан 35 науқас анықталды,- дейді Әлия Бекенова.

2023 жылдың ағымдағы кезеңінде 170 дәрігер келді, оның 83-і жас түлектер, 87-сі республиканың басқа өңірлерінен. Биыл облыс орталығына. келгендер – 70, моноқалада – 35, ауылдық жерлерде – 65. Медицина қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі таңда 64 дәрігерге баспана берілді.

Өз кезегінде білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Сүйіндікова «АМАNАТ» партиясының «Халықпен бірге» аймақтық сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасына білім беру саласы бойынша 17 индикатор енгізілгенін, оның 9-ы орындалып жатқанын, 8-і
толық жүзеге асырылғанын атап өтті.
Биыл облыс орталығында 1880 орындық 2 мектептің құрылысы жалғасуда. Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» жобасы аясында Арқалық қаласында 300 орындық мектептің құрылысы басталды.

Биылғы жылы «30 білім беру нысанына күрделі жөндеу және 227 нысанға ағымдағы жөндеу» көрсеткіші бойынша. 20 ұйымды күрделі жөндеу қарастырылған, оның ішінде 17 нысан аяқталды. Биылғы жылы барлық аудан мен қалаларда робототехника, химия, биология, физика және STEM бойынша заманауи 55 мектеп кабинетін ашу жоспары орындалды.

Облыстағы 9 мектепке 9 пәндік кабинет сатып алынып, жеткізілді. Мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен 100 пайыз қамтамасыз ету мәселесіне келсек, бүгінгі таңда облыстағы 445 мектептің барлығы 4 Мбит/сек және одан жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етілген. Оның 275-інде интернет жылдамдығы 20 Мбит/сек.

Сондай-ақ жоспарға сәйкес биылғы жылы Лисаков қаласы мен Қарасу ауданында 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін ашу жұмыстары жүргізілуде, онда 190 бала қызмет көрсетуге мұқтаж. Жалпы, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің айтуынша, Жол картасының орындалуы бақылауда, нысаналы индикаторларға қол жеткізу жұмыстары жалғасады.