Әлеуметтік желілерде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазинаның қызметін қаралау мақсатында жалған ақпарат таратылуда

21 августа 2025 17:04 • 232 просмотров

Себеп – «виброакустикалық аппарат» терминін қасақана бұрмалау, соның салдарынан «жеке мақсаттағы сатып алу» жайлы алыпқашпа сөздер пайда болды.

Шын мәнінде бұл – тыныс алу жүйесі ауруларын емдеуге арналған қазақстандық медициналық жабдық. 2024 жылдан бері облыстың медициналық ұйымдарына осындай 57 аппарат жеткізілді.

Сатып алу конкурс арқылы өтті, жеңімпаз – «QUORU» ЖШС. Бір аппараттың орташа құны – 16,2 млн тг. Қаржыландыру денсаулық сақтау басқармасының желісі бойынша, ауруханалардың өтінімдеріне сәйкес жүргізілді.

Аппараттар Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтеріне сәйкес реанимацияда, инфекциялық және пульмонологиялық бөлімшелерде қолданылады. Бүгінде олар 15 медицина ұйымына орнатылған, соның ішінде Қостанай қалалық, Арқалық аймақтық және Жітіқара аудандық ауруханалары бар. 2024 жылдан бері 30 мыңнан астам процедура жасалды.

Барлық сатып алулар тендерлік рәсімдер арқылы өтеді және бюджет бақылауында. «Жеке мақсатқа сатып алынды» деген әңгімелер шындыққа жанаспайды.