Ұлы Отан соғысының ардагері, өмірін ел игілігіне арнаған қазыналы қария Ильяс Аманұлы 100 жасқа толды. Ардагерді мерейтойымен облыс әкімі Құмар Іргебайұлының атынан облыс әкімінің орынбасары арнайы барып, құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Сұрапыл соғыстың бел ортасында болып, Курск шайқасы, Днепрден өту, Варшаваны азат ету, Рейхстагты алу кезінде ерлік көрсеткен Ильяс Аманұлының есімі – ел жадында мәңгілік сақталатын ерлік пен отансүйгіштіктің символы.
Соғыстан кейінгі бейбіт кезеңде де ол ел дамуына үлес қосып, тың игеру ісіне белсене атсалысты.
Ардагердің өнегелі өмірі – кейінгі ұрпаққа үлгі, ұлт рухын көтеретін тағылымды тарих.
Қымбатты Ильяс Аманұлына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасы амандығын тілейміз!