Автожолдарда «Зерек-2» кешендері жұмыс бастайды

16 января 2026 17:07 • 438 просмотров

С 16 января 2026 года на платных автомобильных дорогах Костанайской области начнет действовать система автоматической фиксации нарушений скоростного режима.

2026 жылғы 16 қаңтардан бастап Қостанай облысының ақылы автомобиль жолдарында жылдамдық режимін бұзуды автоматты түрде тіркеу жүйесі іске қосылады. Автожолдарда көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын бақылауға арналған «Зерек-2» кешендері жұмыс істей бастайды.

Аталған жүйелер KAZ19 «Қостанай — Денисовка» және KAZ03 «Қостанай — Ресей Федерациясының шекарасы» автожол учаскелерінде орнатылған. Жабдықтар «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның аркалық конструкцияларына орналастырылған.

«Зерек-2» кешендері Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің талаптарына қатаң сәйкес көлік құралдарының белгіленген жылдамдықты асыру фактілерін автоматты түрде тіркейді.

Бақылау жүйелері орнатылған аркалар келесі учаскелерде орналасқан:

  • «Қунай» тұрғын алабы ауданында — 545 км;
  • Б. Майлин ауданының елді мекендері маңында:
    • Юбилейный кенті — 501 км;
    • Тобыл кенті — 457 км;
    • Денисовка ауылы маңында — 385 км;
  • Қарабалық ауданы бағыты бойынша:
    • «Қайрақ» бекеті — 379 км;
    • Тоғызақ кентіне бұрылыс — 424 км;
    • Озерное кенті ауданында — 499 км.

Тіркелген барлық әкімшілік құқық бұзушылықтар автоматты түрде «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесіне жолданады.

Қостанай облысының полиция департаменті жүргізушілерді белгіленген жылдамдық режимін және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақыра отырып, аталған автоматты кешендерді енгізу өңірдегі жол қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталғанын атап өтті.

С 16 января 2026 года на платных автомобильных дорогах Костанайской области начнет действовать система автоматической фиксации нарушений скоростного режима.

На трассах будут запущены комплексы «Зерек-2», предназначенные для контроля скорости движения транспорта.

Речь идет об участках автодорог KAZ19 «Костанай — Денисовка» и KAZ03 «Костанай — граница Российской Федерации». Оборудование установлено на арочных конструкциях, принадлежащих АО «КазАвтоЖол».

Комплексы «Зерек-2» обеспечат автоматическую фиксацию превышения допустимой скорости в строгом соответствии с требованиями Правил дорожного движения Республики Казахстан.

Арочные конструкции с системами контроля размещены:

* в районе жилого массива «Кунай» — на 545 км;

* вблизи населенных пунктов района Б. Майлина:

* поселок Юбилейный — 501 км;

* поселок Тобыл — 457 км;

* в районе села Денисовка — 385 км;

* по направлению Карабалыкского района:

* пост «Кайрак» — 379 км;

* перекресток на поселок Тогузак — 424 км;

* в районе поселка Озерное — 499 км.

Все выявленные административные правонарушения будут в автоматическом режиме передаваться в информационную систему «Единый реестр административных правонарушений».

В Департаменте полиции Костанайской области обращаются к водителям с просьбой соблюдать установленный скоростной режим и требования ПДД, подчеркивая, что внедрение автоматических комплексов направлено на повышение уровня безопасности и снижение числа дорожно-транспортных происшествий на трассах региона.