2025 жылғы желтоқсанда Үкімет 2030 жылға дейінгі көші-қон саясаты тұжырымдамасын қабылдап, көші-қон процестерін цифрландыруға басымдық берді.
2026 жылғы 30 қаңтарда ПМЖ алуға және «қандас» мәртебесін беруге қатысты пилоттық жоба іске қосылды.
ПМЖ алуға үміткерлер үшін скорингтік модель енгізілді: ҚАЗТЕСТ (А1 деңгейі), migration.enbek.kz порталында сауалнама толтыру, мемлекеттік органдардың тексеруі, автоматты бағалау және әңгімелесу.
Өтініш беру тәртібі:
- ҚАЗТЕСТ-ке тіркелу — app.testcenter.kz арқылы.
- Сертификат алғаннан кейін migration.enbek.kz порталында сауалнама толтыру.
- «Қандас» жүйесінде әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алу.
- Әңгімелесуден өту (ақпараты жеке кабинетте көрсетіледі).
- Оң нәтиже болған жағдайда ПМЖ немесе «қандас» мәртебесін рәсімдеуге қол жеткізу.
Анықтама телефоны: 8-714-2-50-14-32.